Қазақмыс «Итауыз» және «Жомарт» кеніштерінде желдету жүйесін күшейтуде
402
Биылғы Қауіпсіздік жылы аясында «Қазақмыс» корпорациясы «Итауыз» шахтасында кеншілердің еңбек жағдайын жақсартатын жаңа желдету жүйесін іске қосты, деп хабарлайды Politico.kz.
Жобаны жүзеге асыру үшін сәуір айында 180 метрлік тік оқпан қазылып, оның үстіне секундына 150 текше метр ауа өткізетін неміс өндірісінің Korfmann AL 17-2500 екі желдеткіші орнатылды. Бұл жабдық жерасты қазбаларын тұрақты таза ауамен қамтамасыз етіп, өндірістік тәуекелдерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін дәл осындай инфрақұрылым 600 метрден астам тереңдіктегі «Жомарт» кенішінде де іске қосылған. Қазіргі уақытта аталған шахтада тағы бір желдету оқпаны салынып жатыр, құрылыс аяқталған соң тау-кен жұмыстарының тиімділігі мен қауіпсіздігі одан әрі арта түспек.
Соңғы жаңалықтар
01.09.2026
23:30
Саясат Нұрбек: Тіл үйрену фитнес сияқты тәртіпт...
01.09.2026
22:41
"Жеңгемнің бетіне қарай алмадым". Құралай ханым...
01.09.2026
22:20
Шымкенттің айналма автожолына екі лот бойынша 9...
01.09.2026
22:14
Құралай ханым: Табыттың ішіне тірідей жатқызып,...
01.09.2026
20:22
Косметикаға жасырылған есірткі: ҰҚК Алматы әуеж...
01.09.2026
18:44
Санжар Боқаевтың ісі қорғау тарапы материалдарм...