«Қазақмыс» мердігерлерге арналған жаңа қауіпсіздік талаптарын бекітті

04.06.2026 11:12 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Қазақмыс» мердігерлерге арналған жаңа қауіпсіздік талаптарын бекітті
55
Фото: KAZAKHMYS

Биылғы қауіпсіздік жылы аясында «Қазақмыс» корпорациясы өзінің өндірістік нысандарында жұмыс істейтін мердігер ұйымдарға арналған бірыңғай еңбекті қорғау стандартын енгізуде, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа бастаманың басты мақсаты – кәсіпорын аумағында жүрген әрбір адамға оның қай мекеме қызметкері екеніне қарамастан бірдей өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қою. Осыған орай қазіргі уақытта «Tranco Balkhash» көлік-логистикалық компаниясының мамандары арнайы кадрлар даярлау орталығында сегіз сағаттық «Qauipsizdik Start» курсынан өтіп жатыр.

Тәжірибелік семинар барысында жұмысшылар тәуекелдерді бағалауды, арнайы техникамен жұмыс істеу ережелерін және төтенше жағдайдағы нақты әрекеттерді үйренеді. Бұл ретте қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген сәтте жұмысты толықтай тоқтату құқығына ерекше мән беріліп отыр.

Балқашта басталып кейін Сәтбаев қаласына жеткен ауқымды жоба аясында жыл соңына дейін 10 мыңнан астам адам арнайы оқытудан өтеді. Курс қорытындысы бойынша барлық тыңдаушылар міндетті тестілеу тапсырып, нәтижесінде электронды сертификатқа ие болмақ.

Войдите, чтобы оставить комментарий