«Қазақмыс» зауытында заманауи желдеткіштер орнатылуда

08.05.2026 12:10 Батырбек Сулеймен
«Қазақмыс» зауытында заманауи желдеткіштер орнатылуда
175
Иллюстрациялық сурет | Фото: Қазақмыс

Жезқазған мыс қорыту зауытының жұмысшылары үшін еңбек жағдайын жақсарту мақсатында 50-ден астам заманауи желдеткіш орнатылып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қазақмыс» корпорациясы компаниясына қарасты бұл өндіріс орнындағы мыс электролизі цехында жаңа жоба қолға алынды. Катод учаскесіндегі жұмыс тәулік бойы тоқтамайтындықтан ауаға көп мөлшерде шаң бөлінеді. Оның үстіне бұл цех ыстық өндіріс қатарына жатады, сондықтан мұнда ауаны тазартып тұру өте маңызды.

Осы мәселені шешу үшін ғимарат ішіндегі ластанған әрі ыстық ауаны сыртқа шығаратын жаңа желдеткіштер қойылып жатыр. Олардың бір бөлігі терезе жақтауларына жақын орналастырылды, бұл ішке салқын ауа кіріп, қалыпты температураны сақтауға көмектеседі.

Биыл жыл басында басталған бұл жұмыстар қазір аяқталуға жақын. Алдағы уақытта корпорация цехтың жалпы ауа алмасу жүйесін толықтай жаңартып шығуды көздеп отыр. Бұл шаралардың барлығы өндірісті жаңғыртып, қауіпсіздік деңгейін көтеру үшін жасалып жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Войдите, чтобы оставить комментарий