Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе жіберіп, күміс медаль иеленді

06.09.2026 15:18 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстан құрамасы көкпардан Қырғызстанға есе жіберіп, күміс медаль иеленді
368
Ашық дереккөз

Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар додасында финалда Қырғызстаннан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Шешуші кездесу 6 қыркүйекте Чолпон-Ата қаласындағы «Көк-Бөрі» алаңында өтті. Матчтың алғашқы минутынан-ақ алаң иелері шабуылды күшейтіп, Дастан Руслановтың салымымен есеп ашты.

Тоғызыншы минутта Құрманбек Тұрғанбек есепті теңестірді. Алайда көп ұзамай Манас Ниязов пен Дастан Русланов Қырғызстан құрамасына екі ұпайлық басымдық әкеліп, есепті 3:1-ге жеткізді. Қазақстан сапынан Ынтымак Алипбаев бір ұпай алып, есеп айырмасын қысқартты.

Бірінші тайм соңында қырғызстандықтар тағы бір салым жасағанымен, төрешілер оны есепке алмады. Командалар төрешінің ысқырығын күтпей ойынды қайта бастағаны белгілі болды. Осылайша алғашқы тайм 3:2 есебімен Қырғызстанның пайдасына аяқталды.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы есепті өзгерте алмады. Ал Қырғызстан ойыншылары тағы төрт салым жасап, кездесуді 7:2 есебімен аяқтады.

Нәтижесінде Қырғызстан құрамасы көкпардан алтын медальға ие болса, Қазақстан күміс жүлде алды. Үшінші орын Ресей құрамасына бұйырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий