Қазақстанда 21 адамға порностудия ұйымдастырғаны үшін айып тағылды
Қазақстанда порностудия ұйымдастырғаны үшін 21 адам сотқа тартылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2023 жылдың тамыз айында Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімдері Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында арнайы операция жүргізді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан және жақын шетел азаматтары модельдік агенттік ретінде жасырынып, интимдік сипаттағы материалдарды дайындап, Web-Cam арқылы таратқан.
79 офис пен пәтер онлайн-трансляция жүргізуге арналған арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қылмыстық бизнеске 18-25 жас аралығындағы қазақстандық жас қыздар тартылған. Қылмыстық топтың айналымы 3 миллиард теңгеден асқан.
21 күдіктіге айып тағылып, оларға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы және мүліктерін тәркілеу қаупі төніп тұр.