Қазақстанда «алып қашу» туралы әндерге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда «алып қашу» туралы әндерге тыйым салынуы мүмкін
13.10.2025 16:58
0
35
Фото: © istockphoto.com

Егер ән мәтінінде зорлық-зомбылыққа шақыратын немесе «алып қашу» туралы сөздер болса, Қазақстанда ондай әндерге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет сағатынан кейін журналистерге берген сұхбатында осы мәселеге қатысты пікір білдірді.
Министрге Мәдениет министрлігіне «алып қашу» туралы сөздерді ән мәтіндерінен алып тастау жөнінде ұсыныс түскені туралы сұрақ қойылды. БАҚ өкілдерінің айтуынша, қалыңдық ұрлау ісі заң бойынша қылмыс деп танылған соң, мұндай мазмұндағы әндер зорлық-зомбылықты насихаттауға теңелуі мүмкін.

«Менің ойымша, егер әннің мазмұнында немесе мәтінінде зорлық-зомбылыққа, заңсыз әрекеттерге шақыру болса, онда біз ол мәселеге назар аударамыз. Бірақ әзірге ондай әндерді естіген жоқпын», — деді Ержан Сәденов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий