Қазақстанда газ бағасы өседі: Премьер-Министр түсіндірді

Қазақстанда газ бағасы өседі: Премьер-Министр түсіндірді
15.07.2025 11:03
0
40

Үкімет газ бағасын біртіндеп көтеруді жоспарлап отыр

Қазақстанда газ бағасы қымбаттайды, бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз брифингінде еліміздегі газ саласының жағдайы туралы пікір білдірді. Үкімет басшысы газбен қамтамасыз етілмеген солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру стратегиялық маңызды міндет екенін атап өтті.

— Ішкі нарықтағы газ бағасы әлемдік деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Сондықтан біз біртіндеп бұл бағаны көтеруге мәжбүрміз. Бұл нарықтық жағдай қалыптастыру үшін қажет. Сонда ғана газ саласы инвестициялық тартымдылыққа ие болып, дами алады, — деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, Үкімет қазіргі таңда отандық ресурстық базаны нығайту бағытында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар шетелден қажетті газ көлемін импорттау бойынша да келіссөздер жүргізілуде.

Газ бағасының өсуі қоғам үшін оңай қабылданбайтыны белгілі. Алайда Үкімет бұл қадамды газ инфрақұрылымын жаңарту мен газдандыруды кеңейту үшін қажет деп есептейді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий