Қазақстанда көпбалалы отбасылардың айыппұлдарын кешіру жоспарланып отыр

27.03.2026 13:06 Мөлдір Талғат
Қазақстанда көпбалалы отбасылардың айыппұлдарын кешіру жоспарланып отыр
50
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда тарихта алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша рақымшылық енгізу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл бастама бойынша нақты шешім әлі қабылданбаған. Қазіргі уақытта арнайы жұмыс тобы түрлі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын жинап, болашақ амнистияның тетіктерін талқылауда.

Сенат депутаты Марат Қожаевтың айтуынша, рақымшылық ең алдымен әлеуметтік осал топтарды қамтуы мүмкін. Атап айтқанда, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер беру мәселесі қарастырылып жатыр. Дегенмен нақты тізім әлі бекітілмеген.

Бастаманың басты ерекшелігі – кейбір әкімшілік айыппұлдарды толық немесе ішінара кешіру мүмкіндігі. Бұл, әсіресе, қоғамға қауіп төндірмейтін құқықбұзушылықтарға қатысты болуы ықтимал.

“Егер бұл адамдарға қауіп төндірмесе, әкімшілік істердің басым бөлігі бойынша айыппұлдар кешірілуі мүмкін”, – деді сенатор.

Сонымен қатар депутат айыппұлдардың негізгі мақсаты бюджет толықтыру емес, құқықбұзушылықтың алдын алу екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында әзірленіп жатыр. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті ведомстволарға екі апта ішінде нақты ұсыныстар дайындауды тапсырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, рақымшылық тек азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін әкімшілік құқықбұзушылықтарға ғана қатысты болуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий