Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды
678
Қазақстанда неке тіркеу көрсеткіші бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр, деп хабарлайды Politico.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
2026 жылдың басынан бері мегаполисте 4600-ден астам жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сәйкес, қалада күн сайын шамамен 70 жұп некеге тұрады, бұл Алматының елдегі ең белсенді неке тіркелетін өңір екенін көрсетеді.
Мәліметтерге сүйенсек, әйелдер орта есеппен 29 жасында тұрмысқа шықса, ерлер 32 жасында шаңырақ көтереді. Биылғы ерекше деректердің бірі – 92 жастағы ер адамның үйленуі болса, ең жас жұптың жасы небәрі 16-да болған.
Алайда неке санының көптігіне қарамастан, ажырасу көрсеткіші де төмен емес. Жыл басынан бері Алматыда 934 жұптың некесі бұзылған. Орта есеппен ер адамдар 39 жасында, ал әйелдер 37 жасында ажырасу туралы шешім қабылдайды.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
15:57
Каспийдегі қайғылы оқиға: Данияр Хайрушев турал...
25.09.2026
15:47
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан ...
25.09.2026
15:30
«Әділет» партиясы әскерилердің отбасыларына көм...
25.09.2026
14:34
Каспийде аман қалған үш сарбаздың бірі жағаға ө...
25.09.2026
14:30
Каспийдегі трагедия бойынша ұсталғандар саны ар...
25.09.2026
14:11
Каспийде көз жұмған сарбаздың ата-анасы оның әс...