Қазақстанда Президентке тікелей бағынатын жаңа орган құрылды
2161
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік орган ретінде құрылды. Жаңа орган өз қызметі бойынша Қазақстан Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін болады.
Тиісті шешім туралы Ақорда хабарлады.
Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының негізгі қызметі мен өкілеттіктері жаңа мемлекеттік басқару құрылымына сәйкес айқындалатын болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
22:19
Ресейдегі газ құбырында жарылыс болды: ҚР Энерг...
13.10.2026
21:12
Астанада жолаушыға тиіскен inDrive жүргізушісі ...
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...