Қазақстанда ҰБТ мерзімін өзгерту ұсынылды

Қазақстанда ҰБТ мерзімін өзгерту ұсынылды
17.02.2025 13:01
0
213
Ашық дереккөз
ҰБТ кестесіне өзгеріс енгізу ұсынылды: жаңа тестілеу кезеңдері

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу ережелеріне өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

17 ақпанда "Ашық НҚА" порталында жарияланған жобаға сәйкес, колледж түлектері мен қандастар үшін тестілеу тек наурыз айында ғана емес, 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында да өткізілуі мүмкін.

Сонымен қатар, көктемгі ҰБТ тапсыру мерзімі 1 наурыздан 31 наурызға дейін емес, 1 наурыздан 11 сәуірге дейін ұзартылуы ұсынылды.

Грант конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді (қазіргі кесте бойынша 16 мамыр – 5 шілде аралығында).

Министрлік бұл өзгерістерді наурыздағы ұзақ мерекелер мен "Қазтест" білім жүйесін тексеру шараларымен байланыстырып отыр.

"Наурыз айындағы тестілеу күндері мерекелік күндермен сәйкес келеді. Еңбек заңнамасына сәйкес, мереке күндері қызметкерлерді жұмысқа тарту заңбұзушылық болып есептеледі. Сонымен қатар, 2025 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында "Қазтест" жүйесін тексеру және білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындауға арналған тестілеу өтеді", – делінген министрлік хабарламасында.

Ұсынылған өзгерістер бойынша қоғамдық талқылаулар 4 наурызға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий