Қазақстандық Дастан Сатпаев «Челси» сапында алғашқы матчын өткізді

19.07.2026 15:21 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстандық Дастан Сатпаев «Челси» сапында алғашқы матчын өткізді
628

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы ойынына қатысты, деп хабарлайды Politico.kz.

Британдық журналист Низаар Кинселланың мәліметінше, 17 жастағы қазақстандық футболшы клубтың Кобхэмдегі жаттығу базасында өткен жабық жолдастық кездесуде алаңға шыққан. «Челси» бұл матчта «Кроули Таунмен» кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Дастан Сатпаев екінші таймда ойынға қосылып, алғаш рет «Челси» жейдесінде өнер көрсетті. Кездесуде лондондық клубтың алғашқы голын Джейми Гиттенс соқса, үзілістен кейін Эммануэль Эмега мен Лиам Делап мергендігімен көзге түсті.

Матчтың алғашқы бөлігінде «Челсидің» жас ойыншылары – Махди Нишоль-Жазули мен Лэндон Эменало алаңға шықты. Екінші таймда Реджи Уотсон, Реджи Уолш, Райан Кавума-Маккуин, Калвин Диаките, Генезис Анви және қазақстандық Дастан Сатпаев ойынға араласты.

Осылайша, Дастан Сатпаев Англияның әйгілі клубы сапындағы алғашқы бейресми матчын өткізіп, «Челсидегі» жаңа кезеңін бастады.

Войдите, чтобы оставить комментарий