Қазақстандық қыз Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

09.03.2026 10:22 Әсел Мұрат
Қазақстандық қыз Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
670
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық Әсем Әубәкірдің туыстары оның Вьетнам аумағында жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Қыздың әпкесі Рузана Әубәкірдің мәліметінше, Әсем 2026 жылдың 6 наурызында Хошимин қаласында болған кезде байланысқа шығуды тоқтатқан.

Жақындарының айтуынша, Әсем Қазақстанға қайтып келу үшін ұшаққа отырмақ болған. Алайда әуежайдағы таблодан өзінің рейсін таба алмаған. Сол сәтте ол шамамен екі тәулік бойы ұйықтамағанын және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Туыстарының айтуынша, оның банк картасымен жасалған соңғы операциясы 6 наурыз күні сағат 15:08-де тіркелген. Сол уақытта такси қызметіне төлем жүргізілген. Бұған қоса, жоғалып кетер алдында Әсемнің америкалық әйелмен бірге түскі ас ішкені анықталған. Жақындарымен сөйлескен кезде оның сөзі түсініксіз болып, мінез-құлқынан да біртүрлі күй байқалған.

Туыстарының айтуынша, Әсем соңғы сегіз-тоғыз жыл бойы жалғыз өзі саяхаттап жүрген. Дегенмен осы уақытқа дейін мұндай жағдай болмаған.

Әсемнің отбасы Вьетнамдағы Қазақстан консулдығына жүгінген. Алайда олардың айтуынша, демалыс күндеріне байланысты ресми іздестіру шаралары тек дүйсенбі күні басталады. Қыздың жақындары Вьетнамда жүрген немесе оның қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан хабарласып, іздеуге көмектесуді сұрайды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий