Қазақстандық танымал журналист анасының қайтыс болғанын хабарлады

30.08.2026 12:23 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстандық танымал журналист анасының қайтыс болғанын хабарлады
280
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық журналист Анна Данченко қаралы хабарды оқырмандарына жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол анасының өмірден өткенін Instagram парақшасында жазып, марқұммен қоштасқан жазбасын жариялады.

Журналист анасының қазасын ауыр қабылдағанын айтып, жақын адамынан айырылғаннан кейін үйдің де, өзінің де көңілі қаңырап қалғанын жеткізді.

«Мамаааааа… Сен жай ғана ұйықтап жатырсың, иә? Мамааа! Сен мені жалғыз қалдырып кеттің. Жалғыз… Бұл пәтерде сенсіз қараңғы екен», – деп жазды Анна Данченко.

Ол анасының өмірден өткен әкесін сағынғанын да атап өтті. Журналист анасына деген сағынышын жеткізіп, енді өзі жалғыз қалғанын айтып, қайғысын бөлісті.

«Білемін, сен әкемді қатты сағындың, ал мені ше? Жанымаууу, Мама, неге? Маған ауыр тиді, Мамааааааа!» – деді журналист.

Айта кетейік, Анна Данченко бұған дейін анасының денсаулығына алаңдап, оның жағдайы ауыр екенін айтқан болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий