«Мұны мойындаймын»: Роза Рымбаева Заттыбек Көпбосынов туралы күтпеген пікір айтты

30.08.2026 10:18 Қарақат АСЫЛОВА
«Мұны мойындаймын»: Роза Рымбаева Заттыбек Көпбосынов туралы күтпеген пікір айтты
262
Фото-коллаж: Politico.kz

Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаева өнердегі әріптесі Заттыбек Көпбосыновтың шығармашылығына қатысты жылы пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі Заттыбектің қазақы дәстүрді эстрадамен ұштастырып, той әндерінің дамуына өзіндік үлес қосқанын атап өтті.

Роза Рымбаева әншінің шығармашылығында ұлттық нақыш пен дәстүрлі әуеннің сақталғанын ерекше бағалайтынын айтты. Оның сөзінше, Заттыбектің орындау мәнері таза эстрададан бөлек, халықтық сипатымен ерекшеленеді.

«Қазақтың дәстүрін алып келе жатсыз. Сізден кейін той әндері кеңінен тарады. Заттыбектің шығармашылығында қазақы музыка, қазақы тойдың бояуы бар. Орындауыңызда дәстүр мен халыққа жақындық сезіледі. Қазақы бояуды жоғалтпай әндер жасадыңыз», – деді әнші.

Сондай-ақ Роза Рымбаева Заттыбектің әндеріндегі аранжировка мен ұлттық элементтерді жоғары бағалап, дәстүрді сақтап жүрген өнер иелерін құрметтейтінін жеткізді.

Өз кезегінде Заттыбек Көпбосынов Роза Қуанышқызына жылы лебізі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий