Қазақстандықтарды алдағы күндерде қатты аяз күтіп тұр
Қазақстанда 18-23 қаңтар аралығында қатты аяз болады
Қазақстанда 18-23 қаңтар аралығында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Атлантика циклоны елдің көп бөлігінде ауа райын қалыптастырады. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, боран, кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр. Сонымен қатар, ел аумағында жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.
Өңірлер бойынша болжам:
- 18 қаңтарда Түркістан облысында қатты жауын-шашын күтіледі.
- 20 қаңтарда Ұлытау облысында, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күшті қар жауады.
- 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында қарлы боран болады.
- 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты қар жауады.
Ауа температурасының төмендеуі:
Синоптиктердің болжамынша, 22 қаңтардан бастап ел аумағында суық ауа массасы таралады, бұл түнгі температураның айтарлықтай төмендеуіне әкеледі:
- Батыста -10...-20°C;
- Солтүстік-батыс және солтүстікте -20...-30°C;
- Орталық және шығыста -25...-35°C;
- Оңтүстікте -12...-25°C.
Тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...