Қазақстанның мұнай, газ және көмір қоры қанша: жаңа деректер жарияланды
1108
LS басылымы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректеріне сүйеніп, Қазақстанның жер қойнауындағы жаңартылған қор көлемін жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мұнай қоры
2025 жылдың 1 қаңтарына қарай мемлекеттік есепте 319 мұнай кеніші тіркелген. Олардың жалпы өндірілетін баланстық қоры 4,26 млрд тоннаны құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен (315 кен орны және 4,3 млрд тонна) шамалас.
Табиғи газ
Ел аумағында 301 табиғи газ кеніші бар. Еркін газ қоры 171 учаскеде есепке алынған, оның баланстық көлемі - 1,7 трлн текше метр.
Өндіруге жарамды газдың жалпы көлемі 259 кен орны бойынша 2,1 трлн текше метрді құрайды.
Көмір
Мемлекеттік есепте 49 көмір аймағы мен жеке учаске (шамамен 160 кен орны) бар. Олардың жалпы баланстық қоры - 33,5 млрд тонна.
Қазіргі уақытта 75 кен орны (17,4 млрд тонна) игерілуде, ал 85 нысан (16,1 млрд тонна) резервте тұр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.10.2026
11:52
Астана көгінде әскери тікұшақтар ұшып жүр: мемл...
09.10.2026
11:48
«Біз жүре бастағанда әйелі аяғы ауыр еді». Жұлд...
09.10.2026
11:34
Сайрамда пара алған екі шенеунікке 200 миллионн...
09.10.2026
11:18
Көлігі бұзылып, тоқтаған еді: Астанада жүргізуш...
09.10.2026
11:09
Қазақстанның халық әртісі, композитор Бақир Бая...
09.10.2026
10:34
Тоқаев Ресеймен ынтымақтастықта «Солтүстік Оңтү...