«Казцинк» зауытындағы жарылыс бойынша тергеудің алдын ала нәтижесі шықты

«Казцинк» зауытындағы жарылыс бойынша тергеудің алдын ала нәтижесі шықты
Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Қазцинк» зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін жария етті, деп хабарлайды Politico.kz. 

«Қазцинк зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам бар», - деді Әрінов үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Министрдің айтуынша, бұған дейін осы объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталған. Олар:

  • техникалық құрылғылардың мерзімін ұзарту сараптамаларының болмауы;
  • жобалық құжаттамадан ауытқу;
  • өндірістік бақылаудың әлсіздігі;
  • тозған жабдықты уақтылы ауыстырмау.

Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, 5 мамыр күні «Казцинк» кәсіпорнында түтін сорғышты тазалау кезінде жарылыс болып, кейін өрт шыққан және құрылымдардың бір бөлігі опырылған. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төрт жұмысшы жарақат алды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий