Қаздан қашқан 3 жасар балаға 100 қаз сыйға берілді
Әлеуметтік желіде тараған видео арқылы танымал болған ақтөбелік үш жасар Керей Махамбетұлына ерекше сый жасалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қаздан қашқан сәті түсірілген видеоның кішкентай кейіпкеріне "Ауыл" партиясының жергілікті филиалы 100 қаз сыйға тартты.
Сонымен қатар, Керейдің әкесі Ермеков Махамбет Русланұлы партия қатарына белсенді ретінде қосылды.
Бұған дейін желіде тараған бұл бейнежазба 200 миллионнан астам қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын. Тіпті, танымал америкалық рэпер Snoop Dogg та өз парақшасында осы видеомен бөліскен еді.
Керей Ақтөбе қаласының Күншуақ шағын ауданында тұрады. Оның әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасылық шаруашылықтарында жылқы, пони және қаз өсіретіні белгілі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...