Қазпоштаны дағдарыстан суырып алған менеджер Ақордада жауапты қызметке келді

10.12.2025 15:54 Арман Ермеков
Қазпоштаны дағдарыстан суырып алған менеджер Ақордада жауапты қызметке келді
0
206
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл тағайындауға байланысты ол бұған дейін атқарып келген Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі міндетінен босатылды.

Әсел Жанасова – мемлекеттік басқару ісінде тәжірибесі толысқан, жаңа буын өкілі. 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген ол, әсіресе, ұлттық компанияларды басқарудағы іскерлігімен танымал. Көпшілік оны "Қазпошта" акционерлік қоғамының тізгінін ұстаған кезеңі арқылы жақсы біледі.

Жанасованың ұлттық почта операторына басшылық етуі компания тарихындағы елеулі бетбұрыстармен тұспа-тұс келді. Ол "Қазпоштаны" жай ғана хат тасушы мекеме емес, заманауи логистикалық, қаржылық және сервистік оператор ретінде қайта құруды қолға алды. Оның бастамасымен электронды коммерция, қаржылық қызметтер, қойма және жеткізу жүйелері жаңа деңгейге көтерілді.

Ең бастысы, Әсел Жанасованың басшылығы тұсында "Қазпошта" бірнеше жылдан бері алғаш рет шығыннан арылып, таза табысқа шықты. Бұл – қаржылық қиындықтар қыспағында қалған компания үшін нағыз реанимациялық шара болғаны және менеджердің дағдарысты еңсере білу қабілетін көрсеткені даусыз. Енді осы жинақталған тәжірибе мен стратегиялық көзқарас Президент Әкімшілігіндегі жауапты жұмыста кәдеге аспақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий