ҚФФ президенті Боранбаевпен туыстығына қатысты жауап берді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Марат Омаров атқарушы комитетінің құрамына кіретін Қайрат Боранбаевпен туыстық қатынасында ешқандай мүдделер қақтығысын көрмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
"Мен ешқандай мүдделер қақтығысын көріп тұрған жоқпын, менің білуімше, ол мені бұл жұмысқа шақырғанға дейін де атқару комитетінің мүшесі болған. Ол футбол клубын басқарады, бірақ біздің тарапымыздан ешкімге және ешқандай клубқа жеңілдіктер жасалмайды, біз әділ бәсекелестік пен таза футболды қолдаймыз", — деді Омаров.
БАҚ Омаровтың Назарбаевтар отбасымен байланысы бар екенін, атап айтқанда «Время» оның Қайрат Боранбаевтың жиеніне үйленгенін жазса, Ulysmedia Омаровтың әйелі Орталық сайлау комиссиясының бұрынғы төрағасы Берік Имашевтің қызы екенін және оның екінші қызы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиевтің жұбайы екенін жазған еді.
Еске салайық, белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев «Қайрат» футбол клубының иесі әрі бақылау кеңесінің төрағасы болып табылады.
Соңғы жаңалықтар