"Қолында телефоны болған". Үш баланың анасы шомылып жатып, көз жұмды

Үш баланың анасы Энн-Мари О’Горман ваннада шомылып жатқан кезінде қолында зарядталып жатқан iPhone болған. Осы сәтте оны электр тогы ұрып, әйел қайтыс болды. Бұл оқиға туралы Metro басылымы хабарлады.
47 жастағы Энн-Мариді Дублин қаласының Сантри ауданындағы үйіндегі жуынатын бөлмеден күйеуі Джо ес-түссіз күйде тапқан. Патологоанаттың айтуынша, әйелдің кеуде тұсы мен сол қолында күйік іздері болған. Сол күні ол Бомонт ауруханасында қайтыс болды.
Марқұмның жұбайы Дублин қалалық коронерлік сотында берген мәлімдемесінде, әйелін судан шығарып алуға тырысқанда, өзін де тоқ ұрғанын айтты. Оның сөзінше, заманауи смартфон жарнамалары тұтынушыларға «қауіпсіздік елесін» қалыптастырып, құрылғылардың су өтпейтіндігіне сендіріп жүр.
«Бұл – телефонды су маңында қолдануға болады деген қате түсінік қалыптастырады. Алайда өндірушілер құрылғыны суға жақын жерде зарядтау өмірге қауіпті екенін нақты ескертпейді», – деді Джо.
Сондай-ақ ол iPhone құрылғысында зарядтау кезінде судың жанында қолдану қауіпті екені туралы ешқандай ескерту болмағанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар





