"Қорқынышты әрі қиын еді...": Жұлдыз Әбдікәрімова өміріндегі қиындықтар туралы айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сәбилі болғаннан кейін екінші қызы Алау Нұртас інісін мектепке өзі дайындағанын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алау киімді де өзі таңдап алғанын айтып, бұл сәттің ерекше әсер қалдырғанын жазды:
«Өмірімізде алғаш рет мектепке дайындыққа анамызсыз бардық. Шынымды айтсам, өзімді ересек, өте жауапты сезіндім. Бірақ сонда да анамсыз біртүрлі болды. Қызық та екен: бәрін өзің таңдау, не алу керегін, не алмау керегін шешу. Өзімді үлкен өмірге кішкентай қадам жасағандай сезіндім», – деді ол.
Ал Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының бір-біріне қамқорлығын көріп, өзінің таңдаған жолына шүкіршілік ететінін айтты:
«Сол кезде замандастарым карьерада үлкен жетістікке жетіп жатқанда, мен үйде балаларға мейірім мен махаббатымды аямай, ешкіммен тайталаспай отырғанымның бүгінгі көрінісі – менің жетістігімнің бастамасы деп білемін. Шүкір, 3-4 жыл бұрын өткен жолыма қарасам, ол одан да қорқынышты әрі қиын еді... Қазір сол күндерім үшін, мені өсіріп-пісіргені үшін алғыс айтамын. Жаратқанның бергенінен берері мол. Сондықтан 5 жұлдызыммен бірге әрі қарай одан да батыл, мықты, бақытты болып жүремін», – деп жазды актриса.
Соңғы жаңалықтар





