Қостанай облысында 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен экс-депутат ұсталды

Қостанай облысында 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен экс-депутат ұсталды
25.03.2025 10:28
0
101
icrc.org

Қостанай облысында кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өгей қызын Лисаков қаласының тұрғыны әрі танымал кәсіпкер зорлады деген болжам бар.  

НеМолчи қорының мәліметінше, күдікті қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталды.

16 жасқа толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп отыр. Күдікті қамауға алынып, сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, – делінген хабарламада. 

Олар ұсталғанның "жеке ұйымның қызметкері" екенін айтты. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий