Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: Адам шығыны бар

22.07.2026 18:04 Қарақат АСЫЛОВА
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты: Адам шығыны бар
210
Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында Қостанай – Қарабұтақ автожолының бойында, Жайылма ауылының маңында болған.

Алдын ала дерек бойынша, Chevrolet Cobalt және Jetour X70 автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Көліктердегі қалған бес адам әртүрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемелерге жатқызылды. Дәрігерлер оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қостанай облысының полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе түнгі және таңғы уақыттарда жылдамдықты шектен асырмауға шақырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий