Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды
973
Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Облыстық полицияның мәліметінше, «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» автожолында «Мерседес Бенс» және ВАЗ «2107» маркалы екі автокөлік соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 4 адам көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Мерседес Бенц 200» көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан бетпе-бет екінші көлікпен соқтығысқан.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...