Қостанайда денсаулық сақтау басқармасының басшылары ұсталды

23.12.2025 12:53 Арман Ермеков Арман Ермеков
Қостанайда денсаулық сақтау басқармасының басшылары ұсталды
0
172
Суретте: Данияр Серікұлы мен Доспанов Ерболат

Қостанай облысында медициналық жабдықтарды сатып алу барысында мемлекет қазынасына орасан зор көлемде шығын келтірілгені белгілі болды. Құзырлы орган өкілдері бюджет қаражатын талан-таражға салудың жүйелі сызбасын әшкереледі, деп хабарлайды Politico.kz

Қостанай облысының прокуратурасы мен өзге де құқық қорғау және уәкілетті органдар бірлесе отырып жүргізген тексеріс нәтижесінде медицина саласындағы күмәнді қаржылық операциялардың беті ашылды. Анықталғандай, жауапты тұлғалар медициналық ұйымдарға аса қажеттілігі жоқ құрылғыларды нарықтағы құнынан әлдеқайда қымбат бағаға сатып алып отырған. Осылайша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 миллиард теңгеден асып түсті.

Аталған деректер негізінде облыстық прокуратура органдары қылмыстық істер қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Тергеу шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар құрықталды. Атап айтқанда, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Серікұлы Жандаев пен қазіргі қызметтегі орынбасары Доспанов Ерболат Сардарбекұлы, сондай-ақ аудандық аурухананың бас дәрігері және сол құрылғыларды жеткізіп берген кәсіпкер ұсталды. Қазіргі таңда тергеу жалғасуда, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес істің өзге мән-жайы жариялауға жатпайды.

Еске салайық, Ерболат Доспановтың желтоқсан айының басында қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны жайлы жазған болатынбыз.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий