ҚТЖ Жастар кадрлық резервіне іріктеу жариялайды

ҚТЖ жастар резервіне қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Астана. 16 қазан. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өз қатарындағы жас, білікті мамандарға үлкен мүмкіндік ұсынып, Жастар кадрлық резервіне іріктеу басталғанын жариялады. Бұл ауқымды бағдарлама компания Басқарма төрағасының тікелей бастамасымен қолға алынып отыр.
Жобаның негізгі мақсаты – көшбасшылық қасиеттері мен кәсіби біліктілігі жоғары, мансаптық өсуге әлеуеті зор жас қызметкерлерді анықтап, олардың одан әрі дамуына жол ашу.
Бұл бірегей мүмкіндікке кімдер ие бола алады? Іріктеуге қатысуға қойылатын талаптар мынадай:
- Жас мөлшері: 35 жасқа дейін;
- Білімі: Жоғары;
- Еңбек өтілі: Қызмет етіп жатқан саласы бойынша кемінде бір жыл;
- Беделі: Тәртіптік жазасының болмауы.
«Қазақстан темір жолының болашағы – жауапкершілікті мойнына алып, жаңа шешімдер қабылдауға дайын жас мамандар мен басқарушылар», – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергенов.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:
- 15 – 31 қазан: Құжаттарды қабылдау;
- 10 – 21 қараша: Тестілеу;
- 1 – 12 желтоқсан: Құзыреттілікті бағалау;
- 22 желтоқсаннан бастап: Комиссиямен сұхбаттасу.
Компания басшылығы үміткерлерді осы мүмкіндікті жіберіп алмай, арнайы форма арқылы өтінім жолдауға шақырады.
Соңғы жаңалықтар





