Құлсарыдағы 7 жастағы қызды зорлап, өлтірген қылмыскерге сот үкім кесті

Құлсарыдағы 7 жастағы қызды зорлап, өлтірген қылмыскерге сот үкім кесті
17.10.2025 13:25
0
213
әлеуметтік желі

Құлсарыда 7 жастағы қызды зорлап, өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Атырау облысының қылмыстық. істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Құлсары қаласында 7 жастағы қызды зорлап, өлтірген 35 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Үкімді судья Зарема Хамидуллина жариялады.

Қылмыс 5 маусым күні болған. Қыз бала аулаға ойнауға шыққан соң, үйіне қайта оралмаған. Кейін оның денесі Құрсай өзенінің маңынан табылды. Тергеу кезінде ер адамның мас күйінде баланы зорлап, ізін жасыру үшін тұншықтырып өлтіргені анықталды. Ол мәйітті өзенге тастағаннан кейін дүкеннен ішімдік сатып алып, танысының ауласында ұйықтап қалған.

Күдікті өз кінәсін мойындамағанымен, сот куәгерлердің айғақтары, бейнежазбалар және сараптама қорытындылары арқылы оның айыбын дәлелденген деп тапты.

Айыпталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі («Кәмелетке толмағанды зорлау») және 99-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмағанды өлтіру») бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жаза ерекше тәртіптегі түрмеде өтеледі.

Сондай-ақ, сот шешімімен қылмыскерден марқұмның туыстарына 20 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіру туралы қаулы шығарылды.

Судья Зарема Хамидуллина үкім жариялау кезінде:

«Мұндай дамыған қоғамда жазықсыз баланың өмірін қиып, аса қатыгездік таныту — тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның трагедиясы», – деді.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий