Құлсарыдағы мектеп директоры оқушының балтамен шабуылынан кейін қызметінен кетті

08.02.2026 14:33 Қарақат АСЫЛОВА
Құлсарыдағы мектеп директоры оқушының балтамен шабуылынан кейін қызметінен кетті
36
Видеодан скриншот
Мектептегі оқиғадан соң басшыға қатаң сөгіс жарияланып, қызметтен кетті

Құлсары қаласындағы №6 А.С. Пушкин атындағы мектептің директоры оқушы қатысқан оқиғадан кейін қызметінен кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Атырау облысы білім басқармасының мәліметінше, мектеп басшысы жұмыстан өз еркімен босатылған. 5 ақпанда оған қатаң сөгіс жарияланып, 6 ақпанда қызметтен кету туралы өтініші қанағаттандырылған.

Тексеруге түрткі болған оқиға Құлсары қаласындағы аталған мектеп ғимаратында тіркелген. Белгілі болғандай, 15 жастағы оқушы сыныптастарымен жанжалдан кейін қатарласына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан екі жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Бұл ақпаратты Атырау облыстық полиция департаменті растады.

Полицияға хабарлама «102» арнасына 5 ақпанда түскен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан соң балтамен шабуыл жасап, кейін мектеп аумағынан шығып кеткен. Күдікті анықталып, ұсталды.

Жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылған. Аталған дерек бойынша «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий