Қазақстан боксшылары Испаниядан 17 медальмен оралды

08.02.2026 10:27 Қарақат АСЫЛОВА
 Қазақстан боксшылары Испаниядан 17 медальмен оралды
252
Фото: ҚР Бокс Федерациясы
Испания төрінде қазақ боксшыларының мерейі үстем болды

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен халықаралық Boxam Elite-2026 бокс турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Politico.kz.

3–8 ақпан аралығында өткен жарысқа Қазақстан құрамасы ерлер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша 18 боксшыны, ал әйелдер сапында 9 салмақ дәрежесінде 14 спортшыны қатыстырып, ел намысын қорғады.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері 6 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.

Спорт журналисі Аслан Қаженовтің мәліметінше, финалдық жекпе-жектерде 11 қазақстандық боксшы өнер көрсетіп, оның алтауы чемпион атанған. Атап айтқанда, Үмида Садықова, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Нұрбек Оралбай және Айбек Оралбай қарсыластарынан басым түсті.

Ал Назерке Серік, Панар Сейітханқызы, Нұрасыл Асылхан, Аман Қонысбеков және Сағындық Тоғамбай күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар Гүзал Садықова, Элянұр Тұрғанова, Нұрзат Оңғаров, Нұрбек Мұрсал, Тимур Нұрсейітов және Азамат Бектас қола медаль олжалады.

Қазақстан құрамасының бұл нәтижесі ұлттық бокстың жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий