«Құлыбаевтың жері»: Қонаевта күзетші балықшыны ортақ жерден қумақ болды

10.02.2026 15:00 Арман Ермеков
«Құлыбаевтың жері»: Қонаевта күзетші балықшыны ортақ жерден қумақ болды
314
фото-коллаж: politico.kz

Қонаев қаласының маңында күзетші мен балықшы арасында дау туындады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Қапшағай су электр станциясынан төмен орналасқан Іле өзенінің жағасында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қармақпен балық аулауға барған балықшыға өзін жеке аумақтың күзетшісімін деп таныстырған ер адам кедергі келтіргені көрінеді. Күзетші бұл аумақ «Құлыбаевқа» тиесілі екенін және оған заң жүрмейтінін айтқан. Сондай-ақ ол жер иесінің балықшыға қарсы қылмыстық іс қозғауға мүмкіндігі бар екенін айтып қорқытқан.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған дерекке қатысты ресми түсініктеме берді.

«Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жеке аумақтың күзетшісі ортақ су пайдалану ережелерін бұзғаны анықталды. Осыған байланысты ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып полиция бөлімшесіне жеткізілген. Тәртіп сақшылары олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң талаптары мен азаматтардың құқықтарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев пен оның жұбайы Динара Құлыбаева – банктік, мұнай және құрылыс салаларындағы ірі бизнеске қатысы бар Қазақстандағы ықпалды отбасылардың бірі саналады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий