Құрылтай кулуарында енді журналистер депутаттарға сұрақ қоя алмайды
Бұдан былай депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылады.Бұл туралы Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, Құрылтай бюросы журналистер мен депутаттардың өзара жұмыс істеу форматын өзгерту туралы шешім қабылдаған.
«Енді журналистер депутаттарға сұрақтарын тек баспасөз орталығында қоя алады. Бұл өзгеріс қолданыстағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес енгізілді. Аталған қағидаларға сәйкес, журналистердің мемлекеттік орган өкілдерімен жұмыс істеу орнын сол мемлекеттік органның өзі айқындайды», – деді Кальянбеков.
Журналистер жаңа тәртіптің енгізілу себебін сұрап, оған наразылық білдірді. Алайда Құрылтай аппараты басшысының орынбасары бұған дейін айтқан жауабын қайталаумен шектелді. Оның сөзінше, бұл мәселе журналистермен талқыланбайды.
Бұған дейін журналистер кулуарда депутаттарды ұстап, түрлі мәселе бойынша сауал қоя алатын. Енді тәртіп өзгеріп, ондай мүмкіндік болмауы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар