Құрылтай сайлауына қанша ақша бөлінді
1390
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына бөлінген қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Құрылтай сайлауына Үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді.
Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михиал Бортник айтты. Оның айтуынша, бұл қаражаттың басым бөлігі 70 мыңнан астам комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге бағытталмақ. 47 жаңа участок ашылмақ.
«Осы ақшаның басым бөлігі 70 проценті сайлау комиссияларында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысына жұмсалады. Бүгінде 10 674 сайлау учаскесі бар”,-деді Бортник.
Қалған ақша жаңа 48 сайлау учаскелерін ашуға, полиграфиялық жұмыстарға, соның ішінде бюллетеньдерді басып шығаруға, сондай-ақ, ақпараттық плакаттарға жұмсалады
Айта кетейік, Құрылтайға жеті партия кандидаттарын ұсынды.
Жалпы кандидаттар саны – 546 адам. Оның ішінде:
- «Әділет» партиясы – 186;
- Respublica партиясы – 76;
- Қазақстан халық партиясы – 72;
- «Ауыл» партиясы – 69;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 63;
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 47;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) – 33 кандидат ұсынды.
Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
12:07
Ермек Көшербаевқа жаңа қызмет табылды
13.10.2026
11:49
Жүргізуші куәлігін алу ережесі өзгереді
13.10.2026
11:29
«Қазақмыс» Жезқазғандағы мыс қорын анықтау үшін...
13.10.2026
11:11
«Арада тура 32 жыл өтті»: Әли Оқапов марқұм әк...
13.10.2026
10:44
Танымал қазақ ақыны өмірден өтті
13.10.2026
10:18
Қостанайда әйелді көлік қағып өлтірген