Құрылтайды кім басқарады?
Құрылтайды кім басқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайды ұсынды.
«Жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын жасақтау жұмысын бастау үшін біз бірқатар рәсімді өткізуіміз керек. Ең алдымен, Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын қалыптастыру қажет. Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасының лауазымына кандидатураны Президент ұсынады.
Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын. Сіздер бұл тұлғаны жақсы білесіздер. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет етті. Тәжірибесі мол деп айтуға болады. Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын. Құрылтай депутаттарынан Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын қолдауды сұраймын», – деді Мемлекет басшысы.
Айбек Дәдебай туралы не білеміз?
1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
Әртүрлі жылдары Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы, Президент кеңсесі бастығының орынбасары болды.
2026 жылдан бастап «Әділет» партиясының төрағасы және партия атынан сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.
Соңғы жаңалықтар