«Қымыз ішкен»: Павлодарда жеке сот орындаушылары филиалының басшысы ұсталды 

23.02.2026 10:40 Әсел Мұрат
«Қымыз ішкен»: Павлодарда жеке сот орындаушылары филиалының басшысы ұсталды 
421
Фото: ашық дереккөз

Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының Павлодар облысы бойынша филиал басшысы Даурен Исабеков мас күйінде автокөлік басқарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өңірдің бас жеке сот орындаушысының ұсталғаны туралы ақпарат жергілікті Telegram-арналардың бірінде тарады. Кейінірек «Сот кабинеті» жүйесінде Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 21 ақпандағы 41 жастағы ер адамға қатысты қаулысы жарияланды.

Іс материалдарына сәйкес, 21 ақпанға қараған түні Павлодар қаласында Исабеков тізгіндеген көлікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізушінің орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталған.

«Сот отырысында И. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады. Ол сотқа көп мөлшерде қымыз ішкенін, содан кейін автокөлік тізгініне отырғанын, кейін полиция қызметкерлері оны ұстағанын түсіндірді», - делінген сот қаулысында.

Сот ер адамды ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі («("Мас күйде көлік құралын басқару») «бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

«ӘҚБтК-нің 50-бабында көзделген қамаудан босатуға құқықтық негіздер сот тарапынан анықталған жоқ. ӘҚБтК-нің 50-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қамау мерзімі әкімшілік ұсталған сәттен бастап, яғни 21 ақпан сағат 04:45-тен бастап есептеледі», — деп көрсетілген қаулыда.

Сонымен қатар, палата филиалының басшысы жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий