«Қырғыз күйеуім екі рет талақ берді»: Блогер әбден қиналғанын айтты

«Қырғыз күйеуім екі рет талақ берді»: Блогер әбден қиналғанын айтты
28.02.2025 19:43
0
37

«Бір болайық» бағдарламасының қатысушысы, танымал блогер Аружан жеке өміріндегі қиындықтар туралы әңгіме өрбітті.

Бұл туралы ол тележүргізуші Анара Батырханға берген сұхбаты барысында айтты.

Аружан қырғыз жігіті Аргенге тұрмысқа шығарда әкесінің бата бермей қойғанын жасырмады.

«Қырғыз жігітке күйеуге шығамын деп ешқашан ойламағанмын. «Бір болайық» бағдарламасында таныстық қой. Кейін үйлендік. Алайда әкем құптамады, батасын бермеді», - деді Аружан.

Ол тіпті, экс-күйеуі Аргеннің бір емес, екі рет «талақ бергенін» айтты.

«Кетсең, кете бер» деген экс-күйеуім мені өзінен кете алмайтынын білді. «Бір болайықта» жалдаған пәтерге қайта бардым. Пәтерімде отырып, әбден жыладым. Ол маған хабарлассын деп қаншама нәрсе жасадым», - деп Аружан жан сырын ақтарды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий