Қысқартылған жұмыс аптасы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр

14.05.2025 • 10:07 Мөлдір ҚАЙНАР
Қысқартылған жұмыс аптасы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр
363
pexels.com

Ресей болашақта төрт күндік жұмыс аптасына кезең-кезеңімен көшуі мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы Ресей Мемлекеттік Думасының Еңбек комитетінің төрағасы, ЛДПР партиясының өкілі Ярослав Нилов РИА Новости агенттігіне мәлімдеген.

Оның айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасына көшу бірден емес, біртіндеп жүзеге асады.

"Уақыт өте келе біз төрт күндік жұмыс аптасына өтеміз, бірақ бұл қатаң реттеу арқылы емес, табиғи түрде жүзеге асады", – деді депутат.

Ниловтың пікірінше, қашықтан жұмыс істеу, икемді жұмыс тәсілдерінің кеңінен енгізілуі және жаңа технологиялар мен шешімдердің дамуы адамдарға көбірек демалуға мүмкіндік береді. Ол болашақта жаңа жұмыс форматтары дәстүрлі жұмыс тәртібін өзгертуге ықпал ететініне сенімді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий