Қытайда басы бәлеге қалған блогер қыз Өзбекстанда дау тудырды

Қытайда басы бәлеге қалған блогер қыз Өзбекстанда дау тудырды
20.10.2025 09:28
0
277
Видеодан кадр

Даулы пранктерімен жиі талқыға түсетін қазақстандық блогер Аружан Айбекова енді Өзбекстанда назарға ілікті. Бұл жолы ол Ташкент метросында ер азаматтардың қолы мен аяғына қол тигізіп, контент түсірген. Видео желіде тез таралып, қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогердің кезекті әлеуметтік эксперименті дәл қоғамдық көлікте түсірілген. Кадрларда Аружанның бейтаныс жігіттердің қасына отырып, кенеттен олардың қолынан ұстайтыны немесе аяғына қол тигізетіні байқалады. Көпшілігі бұл сәттен ыңғайсызданып, орнынан тұрып кетеді не қолын тартып алады.

Өзбекстандық аудиторияның басым бөлігі мұндай әрекетті сынға алды. Олар мұны қоғамдық орында әдепсіздік пен жыныстық мазмұндағы қылыққа жақын әрекет деп бағалаған. Жергілікті БАҚ атап өткендей, Ташкентте қоғамдық көліктегі қол сұғушылық мәселесі әзіл көтермейтін деңгейде өзекті тақырып болып отыр.

"Әр апта сайын автобус пен метро ішінде ер адамдардың әйелдер мен қыздарға тиіскені туралы хабарлар тарап жатады. Құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері қауіпсіз орта қалыптастыру үшін күресіп, барын салып жатыр. Ал осындай жағдайда Айбекованың пранкі өзгенің қайғысын елемеудің айқын көрінісі іспетті. Метро ішінде шынайы түрде харассментке ұшыраған әйелдер бұдан ешқандай күлкілі нәрсе көрмес еді”, – деп жазылған өзбекстандық жарияланымда.   

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий