«Қыз Жібек» камзолына қатысты дау: Министрлік ресми мәлімдеме жасады

19.04.2026 14:22 Қарақат АСЫЛОВА
«Қыз Жібек» камзолына қатысты дау: Министрлік ресми мәлімдеме жасады
531
«Қыз Жібек» костюмдерінің тағдыры тексеріліп жатыр

Мәдениет және ақпарат министрлігі продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде көтерген «Қыз Жібек» фильміндегі костюмдерге қатысты мәселеге ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақфильм киностудиясының музей қорында аталған фильмде пайдаланылған камзолдың түпнұсқасы сақтаулы тұр. Министрлік бұл жәдігердің ұлттық кино өнерінің аса құнды мұрасы екенін және мемлекет қорғауына алынғанын атап өтті.

Ал продюсер көрсеткен екінші камзолдың жеке тұлғалардың қолына қалай өткені қазіргі уақытта тексеріліп жатыр. Бұл бағытта тиісті зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, киностудия мамандары ұлттық фильмдерге тиесілі тарихи реквизиттер мен костюмдерді жүйелі түрде жинақтап, оларды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл шаралар мәдени мұраны келер ұрпаққа сақтау мақсатында қолға алынған. Министрлік сондай-ақ жақын уақытта «Қазақфильм» базасында заманауи талаптарға сай жаңа музей ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Онда отандық кино тарихына қатысты сирек экспонаттар көпшілікке ұсынылады.

Ведомство мәдени құндылықтарды қорғау басты назарда екенін айтып, қоғамда туындаған сұрақтарға ашық әрі нақты жауап беруге дайын екенін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий