Абай облысында із-түзсіз кеткен турист 5 күннен кейін өлі табылды

19.04.2026 12:13 Қарақат АСЫЛОВА
Абай облысында із-түзсіз кеткен турист 5 күннен кейін өлі табылды
1110
Абай облысында шетелдік турист таудан құлап қаза тапты

Абай облысында демалысқа әрі ем қабылдауға келген 33 жастағы Өзбекстан азаматы тауға шығып, қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға Мақаншы ауданындағы Барлықарасан ауылы маңында болған. Шетелдік азамат осыдан бес күн бұрын тауға кетіп, қайта оралмаған. Алғашында оны бірге келген танысы өз бетінше үш күн бойы іздеген. Нәтиже болмаған соң ғана құқық қорғау органдарына хабар берілген.

Іздеу жұмыстарына 90-нан астам адам жұмылдырылды. Олардың қатарында полицейлер, шекара қызметінің өкілдері, құтқарушылар және табиғатты қорғау инспекторлары бар. Ауқымды іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамның денесі табылды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, турист биіктен құлап, сол жерде көз жұмған. Оның мәйіті жартастардың арасында 2-3 күн бойы жатқаны анықталды.

Мақаншы аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділ Қовнашаровтың айтуынша, бұл оқиға жазатайым жағдай ретінде қарастырылып жатыр. Қазіргі уақытта тиісті тексеру амалдары жүргізілуде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий