Қызметкерлеріне көлігін жудырған мектеп директоры жұмыстан қуылды

Қызметкерлеріне көлігін жудырған мектеп директоры жұмыстан қуылды
istock

Әзербайжанның Баку қаласындағы №240 орта мектептің директоры Эсмира Мамедова техникалық қызметкерлерді өз көлігін жууға мәжбүрлегені үшін атқарып отырған қызметінен босатылды.

Бұл ақпаратты Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жөніндегі мемлекеттік агенттік растады, деп хабарлайды Trend ақпарат агенттігі.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде мектептің ауласында директор мен оның орынбасарына тиесілі көліктерді еден жуушы қызметкерлердің жуып жатқан сәттері түсірілген бейнежазбалар тарап кеткен болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу