Қызметтік пәтерде тұратын Құрылтай депутаты коммуналдық төлемге қанша жұмсайды?
ЖСДП партиясынан Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай Астанада мемлекет берген үш бөлмелі қызметтік пәтерде тұратынын айтты. Себебі елордада өзінің жеке баспанасы жоқ, деп хабарлайды Politico.kz.
Депутаттың сөзінше, Парламент мүшелерінің жеке баспанасы болса, мемлекеттік пәтерден бас тартуға құқығы бар. Мәжілістің сегізінші шақырылымында мұндай депутаттар болған.
Ал қызметтік пәтерде тұрудың шығыны қанша? Наурыз Сайлаубайдың айтуынша, қыста коммуналдық қызметтер, интернет пен автотұрақ үшін айына 45-60 мың теңге төлейді.
«Коммуналдық төлемдерді өзіміз төлейміз. Мемлекеттің мойнында емес», – деді депутат.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
16:03
"Елдің байлығы — біреудің жеке меншігі емес": Р...
17.11.2026
15:49
Министрлік екі студент қайтыс болған ҚазҰУ-ды т...
17.11.2026
13:56
"Аяғынан көтеріп ұстап тұрған": ҚазҰУ-да көз жұ...
17.11.2026
13:51
Президент кеңесшісінің ұлы студенттің өлімінен ...
17.11.2026
13:06
«Көркемдік тәсіл»: Петропавл әкімдігі үш қолды ...
17.11.2026
12:57
"Жас қыз сияқтысыз": 47 жастағы Мадина Сәдуақас...