Райымбек Баталовтың қызметінен босайтыны жайлы тараған ақпарат жоққа шығарылды
Райымбек Баталов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінде қалады. Ұйымның баспасөз қызметі оның жұмыстан босатылуы мүмкін екені туралы әлеуметтік желіде тараған мәліметті растамады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Палатаның хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Жекелеген ақпарат көздерінде тараған Р.Ә. Баталовтың "Атамекен" ҰКП Төралқа төрағасы қызметінен босатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл мәселе бойынша басқа да мәлімдемелер мен жарияланымдар дәйексіз және құқықтық негізі жоқ. Тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Райымбек Баталов «Атамекен» палатасын 2022 жылдың ақпан айынан бері басқарып келеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...