Ресей басшысының ұлдарына қатысты жаңа деректер жарияланды

Ресей басшысының ұлдарына қатысты жаңа деректер жарияланды
08.10.2025 11:19
0
312
ФотоКоллаж: POLITICO.KZ

Ресей президенті Владимир Путиннің кеше ғана өтіп кеткен туған күніне орай оның отбасы жайлы жаңа деректер жарияланды. Ресейлік журналистер Роман Баданин мен Михаил Рубин өздерінің жаңа еңбегі «Царь собственной персоной» атты кітапта Путин мен оның бұрынғы серіктесі, гимнаст Алина Кабаева туралы бұрын беймәлім мәліметтер ұсынды. Бұл туралы «Агентство» басылымы хабарлады.

Журналистердің зерттеуінше, Владимир Путин мен Алина Кабаеваның екі ұлы бар. Екеуінің де ресми құжаттарда басқа фамилиямен тіркелгені анықталған. Балалар Иван және Владимир Спиридоновы деген фамилиямен тіркелген. Бұл фамилия, болжам бойынша, Путиннің атасы Владимир Спиридоновичтің атымен байланысты болуы мүмкін.

Сол сияқты, президенттің алғашқы некесінен туған екі қызы Катерина Тихонова мен Мария Воронцова да шын фамилиясын қолданбайды. Катерина Тихонованың тегі анасы Людмила Шкребнева тарапындағы туыстардан шыққан деп саналады.

Журналистердің айтуынша, Путиннің некесіз қызы Елизавета Розова Францияда Елизавета Руднова деген атпен тұрған. Бұл фамилия марқұм медиа-менеджер әрі Путиннің ескі досы Олег Рудновтың тегінен алынған.

Кітапта келтірілген мәліметке сәйкес, Путин мен Кабаева екі ұлымен бірге көп уақытын Валдай көлінің маңындағы президент резиденциясында өткізеді. Сол жерде Кабаева мен оның балаларына арналған жеке ағаш сарай, демалыс және спа орталық, балалар ойнайтын алаң мен үлкен саябақ салынған.

Иван мен Владимир кей кездері ғана көпшілік назарында байқалған. Журналистер олардың суреттерін алғаш рет осы кітапта жариялаған.

Бұған дейін «Досье» басылымы да Путин мен Кабаеваның екі ұлы бар екенін хабарлаған болатын. Ол кезде олардың есімдері Иван және Владимир Путин деп көрсетілген, бірақ «құжаттарда жалған фамилиялар пайдаланылған» деп жазылған.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің туған күнін қазіргі отбасының ортасында өткізе ме деген сұраққа нақты жауап бермеді. Ол тек Путинді қыздарынан туған немерелері құттықтайтынын айтумен шектелді.

Айта кетейік, Ажалға араша іздеген Ресей басшысы 73 жасында қартаюға қарсы күресті бастады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий