Ресей экономикасы күйреу алдында: Путиннің уақыты шектеулі

Ресей экономикасы күйреу алдында: Путиннің уақыты шектеулі
11.02.2025 08:40
0
680
Ашық дереккөз
Сарапшылар: Ресейдің экономикалық иммунитеті әлсіреп барады

Ресей экономикасы соғысты ұзақ уақыт жүргізуге қабілетті ме? Бұл сұрақ әлемдік сарапшылардың басты талқысына айналды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Bloomberg шолушысы Марк Чемпионнің мәліметінше, Ресейдің соғысқа арқа сүйеген экономикасы өзінің шегіне жетіп қалды. Ол Ресейдің қорғаныс өнеркәсібінің қарыздары мен инфляцияның өсуі елдің қаржылық тұрақтылығына үлкен қауіп төндіретінін алға тартады.

Ресей санкцияларға қарамастан, экономикасын ұстап тұру үшін түрлі амалдар қолданды. Банктер соғысқа қаржы бөлу үшін үлкен көлемде несиелер берді, ал Орталық банк инфляциямен күресу мақсатында негізгі пайыздық мөлшерлемені 21%-ға дейін көтерді. Бірақ бұл шаралар елдің экономикалық ахуалын ұзақ мерзімге тұрақтандыруға жеткіліксіз болуы мүмкін.

Экономистердің айтуынша, Ресейдің экономикалық қорғанысы әлсіреп барады. Қаржылық қарыздардың көбеюі, әскери шығындардың артуы мен батыстық санкциялардың ұзақ мерзімді әсері – Ресейдің келешек экономикалық жағдайын қиындатады.

Гарвард университетінің сарапшысы Крейг Кеннедидің мәліметінше, Ресейдің корпоративтік қарызы 2022 жылдан бері 36,6 трлн рубльге (446 млрд доллар) ұлғайған. Оның көп бөлігі әскери өнеркәсіп секторына берілген жеңілдетілген несиелерден тұрады. Бұл өз кезегінде қаржы жүйесіндегі тұрақсыздықты күшейтіп отыр.

Сарапшылардың пайымдауынша, Ресей экономикасы толықтай күйреу алдында тұрмағанымен, ұзаққа созылған соғыс оны әлсірете түседі. Бұл жағдай Украина мен оның одақтастары үшін үлкен мүмкіндік болуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий