Ресей ірі украиналық АЭС-ты Трампқа не басқа елге беруге қарсы

Ресей ірі украиналық АЭС-ты Трампқа не басқа елге беруге қарсы
27.03.2025 11:28
0
730
Коллаж POLITICO.KZ
Кремль Трамптың ұсынысынан бас тартып, ЗАЭС-ті өзінде қалдырмақ

Ресей Сыртқы істер министрлігі Запорожье атом электр станциясын (ЗАЭС) Украинаға немесе басқа бір елге бермейтінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Politico басылымына сілтеме жасап.

Ресей СІМ-нің мәлімдемесінде:

«Запорожье атом электр станциясының ресейлік атом саласына қайтарылуы – халықаралық қауымдастық мойындауға тиіс тарихи факт. ЗАЭС-ті Украинаға не басқа елдерге беру, тіпті, бірлесіп басқару да мүмкін емес», – деп нақты айтылған.

Запорожье атом электр станциясы 2022 жылдың наурызында Ресей әскерінің шабуылы нәтижесінде басып алынған болатын. Содан бері қуаттылығы алты гигаваттты құрайтын, Украинадағы жалпы электр энергиясының 20%-ын қамтамасыз еткен станция жұмыс істемей тұр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның пайдалы қазбаларын игеру бойынша келісім аясында ЗАЭС-ті стратегиялық маңызды энергетикалық ресурс ретінде қарастыратыны туралы мәлімдеген болатын. Президент Зеленский болса, ЗАЭС Украинаның мемлекеттік меншігі екенін және егер Украина Энергодар мен ЗАЭС-ке бақылауды қайтара алса, АҚШ-пен ынтымақтастыққа дайын екенін айтты. Ақ үй де Ресеймен ЗАЭС-ке бақылау бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын растаған еді.

Алайда Кремль Путиннің бұйрығымен өткен псевдореферендумдардан кейін станцияны Ресей меншігі деп жариялады және халықаралық құқыққа сәйкес, станцияның енді Ресейге тиесілі екенін мәлімдеді.

Ресей СІМ-нің айтуынша, НАТО елдерімен байланысы бар елдердің өкілдерінің ЗАЭС-ке кіруіне жол берілмейді. Себебі Кремль Батыс елдерінің Украинаға барлау және диверсиялық қолдау көрсетуінен қауіптенеді.

Қазіргі уақытта Ресей тарапы бұл мәселеге қатысты қандай да бір келіссөз жүргізуге дайын еместігін білдіріп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий