"Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу керек": Зеленский кезекті әскери кеңес өткізді

Украина президенті Владимир Зеленский 7 наурызда Telegram арнасында кезекті әскери кеңес өткізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол Ресейдің энергетикалық инфрақұрылым мен азаматтық нысандарға жасаған жаңа шабуылдарын талдағанын айтты.
"Бүгінгі әуе шабуылына 260-тан астам әуе шабуыл құралы қолданылды: қанатты және баллистикалық зымырандар, дрондар. Біз әр шабуылды зерттеп, ПВО жүйеміздің әлсіз тұстарын анықтаймыз", – деді Зеленский.
Президенттің айтуынша, Ресейдің бұл шабуылдары оның соғысты жалғастыруға деген ниетін көрсетеді.
"Украина бейбітшілікке барынша жақын болғысы келеді. Бірақ Ресейді мәжбүрлеу қажет – олар тек күшпен тоқтайды", – деді ол.
Зеленский Ресейге қарсы санкцияларды күшейту және ПВО жүйесін нығайту маңызды екенін атап өтті.
"Путинге соғысты қаржыландыруға көмектесетін барлық нәрсе бұзылуы тиіс", – деді ол.
Сонымен қатар, Украина президенті Донецк облысының Доброполье қаласындағы шабуыл туралы айтты.
"Ресей әскері қалаға екі баллистикалық зымыранмен соққы жасады. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, екінші рет әдейі шабуыл жасалды", – деді Зеленский.
Оның мәліметінше, шабуыл салдарынан 11 адам қаза тапқан, 30-дан астам адам жараланған, оның ішінде 5 бала бар. Сондай-ақ, 8 көпқабатты үй мен әкімшілік ғимарат бүлінген.
"Бұл шабуылдар Ресейдің ештеңені өзгерткісі келмейтінін көрсетеді. Біз өз халқымызды қорғауды жалғастырамыз. Санкцияларды күшейту және әуе шабуылына қарсы қорғанысты нығайту қажет", – деді Зеленский.
Соңғы жаңалықтар





