Ресейлік банктің шағымымен қазақстандық олигархтың активтері бұғатталды

19.03.2026 19:10 Арман Ермеков
Ресейлік банктің шағымымен қазақстандық олигархтың активтері бұғатталды
498
Фото: Әлеуметтік желі

Англия мен Уэльстің Жоғарғы соты ресейлік ВТБ банкінің шағымы бойынша қазақстандық кәсіпкер Тимур Қуанышевтің, оның әйелі Альфия Асқардың және серіктесі Евгений Шленскихтің барлық активтерін бұғаттау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сот материалдарына сүйенсек, бұл қаржылық дау 2019 жылғы несиелік келісімнен басталған. ВТБ банкі ресейлік «Печоранефтегаз» компаниясына берілген қарыз бойынша шамамен 41 миллиард теңге немесе 90 миллион доллар өндіріп алмақ. Қуанышев пен Евгений Шленских 2024-2025 жылдары аталған компанияның еншілес компаниясынан 25 пайыздық үлес сатып алып, банктің алдында несиені қайтаруға кепілдік берген. Алайда 2025 жылдың сәуірінде компания қарызын төлей алмай қалған. ВТБ банкі жауапкерлер борышты реттеу кезінде жалған құжаттар мен шындыққа жанаспайтын мәліметтер ұсынды деп мәлімдеді.

Осыдан кейін қаржы ұйымы сотқа шағым түсіріп, бірнеше елде кәсіпкерлердің мүлкіне бұғат қоюға қол жеткізген. Мәселен 2025 жылдың желтоқсанында Дубай мен Ресей соттары активтерді бұғаттаса, 2026 жылдың басында Британия соты осындай бұйрық шығарған.

Тимур Қуанышев бұған дейін Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды кәсіпкерлерінің тізіміне енген. Ол мұнай-газ секторы мен өндіруші өнеркәсіптегі ірі компаниялардың құрылтайшысы болған. Сонымен қатар кәсіпкер қайтарымсыз несиелердің көбеюіне байланысты 2021 жылы таратылған Tengri Bank директорлар кеңесін басқарған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий