Ринат Шамшырақ пен Аружан Төренің махаббат тарихы көпшілікті сүйсінтті

Ринат Шамшырақ пен Аружан Төренің махаббат тарихы көпшілікті сүйсінтті
27.04.2025 09:52
0
35

Әнші Ринат Шамшырақ пен оның жұбайы Аружан Төре алғаш қалай танысқандарын баяндап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ринаттың айтуынша, олардың кездесуі күтпеген жерден басталған. Әнші өзінің “Менің 2000-ым” атты әніне бейнебаян түсіру барысында Аружанмен танысқан.

“Өмірде қаншама қызбен сөйлестім, бірақ бірде-бірімен жараса алмадық. Сол кезде Алладан өзім сияқты қызды сұрап ұйықтап қалдым. Таңғы 5-те түсірілім алаңында отырғанда, көліктен түсіп келе жатқан Аружанды көрдім. Басында аса қатты ғашық болдым деп айта алмаймын. Бірақ қылықтары бірден ұнап қалды. Біздің үйдің қыздарына ұқсайды, тартымды екен”, – дейді Ринат.

Әнші алғашқы таныстықта-ақ оған жақындасу үшін кішкентай қулық жасағанын жасырмады.

“Телефонын тығып қойдым. Ол іздеп жүрді, кеше ғана несиеге алғанын айтып қалды. Түсірілім біткен соң да оның көлігінде біздің киімдеріміз қалып кеткен. Бұл бір жағынан Құдайдың сыйы, бір жағынан тағдырдың берген мүмкіндігі болды. Кейін кездестік, ол кезде тіпті әдемі болып киініп алған екен. Осылайша таныстығымыз махаббатқа ұласты”, – деп еске алады ол.

Ал Аружан Төре болса, отбасының беріктігі көбінесе ер азаматтың мықтылығына байланысты екенін атап өтті.

“Бұл – тағдыр. Бірақ әйел емес, ер адам шешеді. Егер ер азамат өз отбасын қорғап, соңына дейін күреспесе, қандай махаббат болса да, бірге қалу мүмкін емес. Еркек мықты болуы керек. Біздің мысал – соған дәлел”, – деді ол.

Айта кетейік, қазіргі таңда Ринат Шамшырақтың жасы – 25-те, ал Аружан Төре – 31 жаста.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий